ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері донорлыққа белсенді қатысуда

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері донорлыққа белсенді қатысуда

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен кейін «Өмір жолында өзіңнің бір бөлшегіңді сыйла!» атты 4 тамызда басталған іс-шараны ОВ 156/2 мекемесінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері жалғастырды.
Таңертеңнен бастап Шығыс Қазақстан облыстық «Қан орталығының» көшпелі бригадасының машинасы мекеме аумағында барынша жұмыс істеді. Мекеме қызметкерлері мен әскери қызметкерлер арасында қан тапсыруға ниет білдірушілер көп болды. Барлығында бір ғана тілек болды – қайырымдылық акциясына қолдау білдіріп және үлгісімен көрсету, олар азаматтардың тыныштығын қорғап қана қоймай, қан компоненттерін құюды қажет ететін, өздеріне мүлдем таныс емес адамдардың өмірін өз қанымен құтқаруға әрқашан дайын екендігін білдірді.
Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облыстық «Қан орталығының» басшылығы ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша бірлескен жұмыстарды ұйымдастырғаны және олардың маңыздылығын маңызды мән бергені үшін ОВ 156/2 мекемесінің бастығы Еркін Кабинге шынайы алғысын білдірді.