
41 жастағы Василий кісі өлтіргені үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын Павлодардың АП-162/4 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. 2013 жылы бостандықта болған кезінде туберкулезден кейін есту қабілеті нашарлаған. 2014 жылдан бастап екінші топтағы мүгедек ретінде есепте тұр.
- 2008 жылы әкем қатты ауырып қалды, мен оған күтім жасап жүрдім. Біз өмір бойы Семейде тұрдық. Қайтыс болар алдында әкем менің асырап алынған бала екенімді айтты. Маған небәрі бір ай болғанда, ол анаммен мені Павлодардағы нәрестелер үйінен алып кеткені білдім. 2010 жылы мен өзімнің ата – анамды табамын, ата-тегімді білемін деген үмітпен Павлодарға келдім. Ұзақ ізденістерден, жазбалар мен мұрағаттардан кейін өзімнің шын ата -анамды таптым, бірақ, өкінішке орай, олар Германияның Ганновер қаласында тұрады екен. Телефон нөмірін білмегендіктен, оларға ұзақ уақыт бойы хат жаздым. Бір күні олар маған қоңырау шалып, біз телефон арқылы сөйлестік, ал қазір байланыстамыз. «Олар маған осында, мекемеге хат жазып тұрады. Менің оларға ешқандай өкпем жоқ », - дейді Василий.
Сотталғанға дейін Василий отбасылы болып, қаланың сауда базарларының бірінде шағын бутик ашты. Ол 2016 жылы қылмыс барып, кейіннен кінәсін мойындап, көп өкінеді. Бір ай бұрын Василий мекеме әкімшілігіне өтінішпен жүгініп, оның есту аппараты істен шыққанын және оған жаңасы қажет екенін айтады.
- Сотталған өтініш білдіргеннен кейін мекеме қызметкерлерімен үлкен жұмыс атқарылды, қажетті құжаттар жиналып, қарауға жіберілді. Сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегеніне қарамастан, олар тегін медициналық көмектің барлық тізбесін, сондай – ақ мүгедектігі бойынша зейнетақыны алады, - деді бастықтың орынбасары Нұрлан Тоендықов.
- Мен мекеме әкімшілігіне колонияда көрсеткен әлеуметтік көмегі үшін өте ризамын. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап сотталғандардың Еңбек бөлімінің инспекторы Әсел Маратқызы зейнетақыны рәсімдеуге үлкен көмегі тиді. Ал қазір мен есту аппаратын күтіп алдым! Үлкен рахмет!- дейді Василий.