ҚАЖК басшысы мен құқық қорғаушы Елена Семенова ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ҚАЖК басшысы мен құқық қорғаушы Елена Семенова ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ҚАЖ Комитеті «Біз азаптауларға қарсымыз» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің базасында ведомство басшысы Жанат Ешмағамбетов пен «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Семенова ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, отандық Жазаларды орындау жүйесінің өзекті мәселелерін талқылады.
Келісімнің екі тарапының да адам құқықтарын сақтауға жалпы мүдделілігін негізге ала отырып, осы меморандумның басты міндеті жазасын өтеп жатқан адамдарды күтіп-бағу құқықтары мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Ведомствода атап өткендей, пенитенциарлық жүйені дамытудың негізгі факторы құқық қорғау ұйымдарымен тығыз өзара іс-қимыл және ынтымақтастық болып табылады. Тәуелсіз сарапшылармен жұмыс қылмыстық жазаларды орындаудың ашықтығы мен айқындығы қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
«Құқық қорғау ұйымдарының қылмыстық-атқару жүйесімен өзара ынтымақтастығы Пенитенциарлық мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде күш-жігерді біріктіруге бағытталуы тиіс», - деп атап өтті құқық қорғаушы Елена Семёнова.
Өткен кездесуде сотталғандардың құқықтары саласындағы заңнаманы жетілдіруге, оның сақталуын мониторингілеуге, сондай-ақ тараптардың құзыреті шеңберінде ынтымақтастықтың өзге де міндеттерін орындауға ерекше назар аударылды.
«Сотталғандар жазасын Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қатаң түрде өтеуі тиіс. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілерге сотталғандар тарапынан да, ҚАЖ қызметкерлері тарапынан да кез келген моральдық немесе физикалық қысым жазасыз қалмайды», - деп атап өтті Ешмағамбетов.
Сондай-ақ, ол ҚАЖК-нің сотталғандар арасында да, ҚАЖ жеке құрамы арасында да кез келген бұзушылықтарды жоятын жазаларды орындаудың қазіргі заманғы жүйесін құруға ұмтылысы туралы хабарлады.