
Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің УГ-157/11 мекемесінде (әйелдер колониясы) бүгінде 160-тан астам әйел ұсталады.
Мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикуловтың айтуынша, коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ пенитенциарлық жүйе мекемесінде ұсталатын жеке құрам мен адамдарды қорғауды қамтамасыз ету үшін бірқатар алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды.
«Дезинфекциялық құралдармен толық өңдеу үшін жергілікті ЖШС-мен шарт жасалды. Барлық жатақханалар, асханалар, өндірістік нысандар, санитарлық бөлшектер және басқа да үй — жайлар мекемеде вирустың таралуын болдырмау үшін құрамында хлор бар арнайы құралмен өңделген», - деді М.Аджикулов.
Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда мекемеде 160-тан астам әйел жазасын өтеп жатқанын және сотталғандардың арасында коронавирустық инфекция анықталмағанын айтты.