
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімі «Есепке алынғандарды автоматтандырылған хабардар ету» пилоттық жобасын іске қосты.
Ай сайын бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандар және шартты түрде сотталғандар ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 66 және 174-баптарының талаптарына сәйкес Пробация қызметіне тіркелу үшін келуге міндетті. Есепке алынған адамдарды тіркеуге келу міндеттемесі туралы тиісінше хабардар ету мақсатында пробация қызметкерлері профилактикалық әңгімелер жүргізу барысында жазаны өтеу тәртібін түсіндіреді, сотталғандар өздерінің мінез-құлқы туралы жазбаша есебінде тиісті күні тіркеуге келуге міндеттенеді. Олар дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда пробация қызметінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтайды және жазбаша ескерту шығарады.
Құқық қорғау органдарын цифрландыру шеңберінде Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметкерлері жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық-талдау жүйелерін енгізу бағыты бойынша жұмыс істейді. Осылайша сотталғандар міндетті тіркеуге келу қажеттілігі туралы sms-хабарлама алатын болады. Алдымен сотталғандарға тексеру кодын растау арқылы телефон нөмірін верификациялаудан өту қажет, сәтті тіркелгеннен кейін сотталғандар телефон нөмірлерінің дұрыстығын және олардың тиесілігін растауға міндеттенеді. Бұдан әрі телефон нөмірі анкеталық базада көрсетіледі және функционал тиісті пробация бөліміне тіркеуге қажетті келу уақыты мен күнімен сотталғандарға sms-хабарламаны автоматты түрде жібереді.
- Бұл жобаның Қылмыстық-атқару жүйесінің тәжірибесінде аналогы жоқ, пилоттық жобаны алғашқы сынақтан өткізу Балқаш қаласының пробация қызметі базасында жүргізіледі. Бүгінгі күні Балқаш қаласының пробация қызметі базасында есепте 134 адам тұр, оның ішінде 32-і абоненттік нөмірді верификациялаудан сәтті өтіп, sms-хабарлама алады. Болашақта пилоттық жобаны бүкіл облыс бойынша жүзеге асыру жоспарлануда, – деп хабарлады облыс бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Анар Уменова.