Ақмола колониясының қызметкерлері көлік апатынан зардап шеккен жас анаға қан тапсырды

Ақмола колониясының қызметкерлері көлік апатынан зардап шеккен жас анаға қан тапсырды

Мекеме қызметкерлері әлеуметтік желілерде жарияланған «Өмірге үміт сыйла» акциясын өткізу туралы хабарландыруды көрді.
«29 жастағы әйелдің туыстары шұғыл түрде қан тапсыруды сұрайды. Айсұлу Жапимова автокөлік апатынан зардап шегіп, қазір Атбасар ауданаралық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, оны үйде екі кішкентай баласы күтіп тұр», - деп түсіндірді Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы Ирина Горнова.
Хабарландыруды бірінші болып мемлекеттік құпияларды қорғау тобының инспекторы Гүлмира Ержан оқып, таңертең жұмысқа келіп, әріптестеріне айтып берді. Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінің ұжымы әрдайым ұйымшылдығымен ерекшеленіп, бойжеткенге қан тапсыру ұсынысын қолдады.
Мекеме бастығының орынбасары Жеңіс Ибраев бастаған аттестатталған және жалданбалы құрамдағы колония қызметкерлері қан орталығына жол тартты.
«Өмірден қымбат ештеңе жоқ, егер адамды құтқаруға көмектесудің кішкене ғана мүмкіндігі болсада, оны пайдалану керек. Адам өзінің қайғысымен жалғыз қалмауы керек, жалғыз өзі оны жеңе алмайды. Біз мұны тек бір отбасы ретінде бүкіл әлеммен бірге жеңе аламыз. Бүгін мекеме ұжымы осылай әрекет етті. Мекеменің барлық қызметкерлерінің атынан Айсұлудың тезірек сауығып кетуін және балалармен кездесуін тілеймін!» - деп бөлісті Жеңіс Ибраев.