Өскемен тұрғынының үйінен тапанша тәркіленді

Өскемен тұрғынының үйінен тапанша тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында кезекті рет «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтті, оның мақсаты қоғамдық тәртіпті сақтау, көшеде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу болып табылады.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/20 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері полицейлермен бірге Өскемен қаласының 40 жастағы тұрғынының үйінде пакетте жатқан Птв 635 травматикалық пистолетін тапты.
Аталған факті ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, сараптама тағайындалды.