ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкері эпилепсиямен ауыратын сотталғанға көмек көрсетті

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкері эпилепсиямен ауыратын сотталғанға көмек көрсетті

ШҚО-да кезекшілік кезінде түн ортасында колония қызметкеріне сотталғандар жүгіріп келіп, Н. атты сотталғанда эпилепсия ұстамасы басталғанын айтты. Колонияның қызметкері жатақханаға жедел келіп, еденде жатқан ер адамның аузынан көбік пайда болып, денесінде құрысулар басталғанын көреді.
Колонияның жас қызметкері әділет сержанты Ақылбек Әубәкіров жедел жәрдем келгенге дейін уақытты жоғалтпай сотталғанға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті.
55 жастағы ер адам ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.
- Мас күйінде көлік тізгінін ұстап, азаматтардың өліміне әкеп соққан жол апатына ұшырадым. Сол кезде ауыр халде ауруханаға жеткізілдім. Аталған оқиғадан кейін көптеген түрлі аурулар пайда болды, эпилепсияның ұстамалары - солардың бірі. Бұрын-соңды мұндай шабуылдар болған емес. Ақылбек Әубәкіровке көрсеткен көмегі үшін өте ризамын. Ұстамадан кейін мені ауруханаға дереу жеткізіп, дәрігерлер маған жедел түрде уақытылы көмек көрсетілгенін айтты. Мұндай күтпеген жағдайларда не істеу керектігін білетін адамдар бар екендігі өте жақсы», – деп түсіндірді сотталған.