Спорт - сотталғандарды түзетудің маңызды әдістерінің бірі

Спорт - сотталғандарды түзетудің маңызды әдістерінің бірі

Қызылорда бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр қалалық пробация қызметі және «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық дене-шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен футболдан спорттық іс-шара өткізілді.
Бұл жарыс сотталғандарды спорт арқылы түзу жолға түсуге шақыру мақсатында өткізілді. Іс-шараға шамамен 15-20 сотталған қатысып, үш командаға бөліну арқылы ойын өз жалғасын тапты.
Нәтижесінде, жеңімпаз командалар жүлделі сыйлықтармен, медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
«Бұл спорттық шараға кәмелет жасқа толмаған сотталғандар да қатысты. Есепте тұрған азаматтармен спорттық-мәдени шаралар өткізу олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына, қайта қылмыстың алдын алуына және түзелу жолына түсуіне әсері мол. Пробация есебіндегі 63 азаматтың екеуі кәмелет жасқа толмағандар. Олармен тәрбиелік мақсатта сұхбаттарды жиі өткіземіз»,- деді Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны А. Танбаев