20.07.2021 жылғы ақпараттық хабарлама

20.07.2021 жылғы ақпараттық хабарлама

Ағымдағы жылдың 20 шілдедегі жағдай бойынша, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінен орын алған төтенше оқиғаның нәтижесінде, ғимарат ішінен зардап шеккен11 сотталған анықталды.
Өкінішке орай, сотталғандардың 3-еуі алған жарақат салдарынан, оқиға орнында көз жұмды. Қалған 8 сотталған уақтылы медициналық көмек көрсетуге ауруханаға жеткізілді, олардың төртеуі медициналық тексеруден кейін мекемеге қайтарылды және оладың жағдай ауруханада қалып, ем алуды қажет етпейді.
Қазіргі таңда, қайтыс болған сотталғандардың жақын туыстарымен байланыс орнатылып, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, сотталғандарға ҚАЖ мекемесіне оралып, медициналық тексеруден өткеннен кейін бейнебайланыс арқылы жақын туыстарымен сөйлесу мүмкіндігі берілді.
Қалған төрт адамның жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Бүгін таңертең ауруханаға жатқызылған сотталғандарға Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов келді. Зардап шеккендердің біреуі тұрақты ауыр хәлде, үшеуі орташа деңгейде түрлі жарақат алған.
Сонымен қатар, аталған фактіден кейін Маңғыстау облысының Полиция департаменті ҚР ҚК 278-бабының 3 т. (адамдардың өліміне әкеп соққан сапасыз құрылыс) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастағанын, тиісті сараптама жүргізілетінін
хабарлаймыз.
Сондай-ақ, арнайы комиссия ҚАЖ мекемесінің аумағындағы барлық ғимараттарға техникалық тексеру жүргізуде.
Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында. Зардап шеккен сотталғандарға барлық қажетті көмек көрсетіледі.
ҚАЖ Комитеті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
Байланыс орталығының телефондары 8-(7172) 72-30-40 (Нұр-Сұлтан) және WhatsApp мессенджеріндегі жедел желі-8 776-677-80-77.