
Түрмеден босатылғаннан кейін сотталған мемлекеттік бағдарлама аясында оқу курстарынан өтіп, грант алып, содан кейін өз кәсібін бастады.
Өз ісін бастау үшін мемлекеттік грантты алғаннан кейін, ол ағаш бұйымдарын өндіру үшін қажетті станоктар мен құрал-жабдықтарды сатып алып, бизнесін сәтті бастады.
Бүгінде ас үй, жатын бөлмелері жиһаздарын жасайды. Өнімді қаланың және облыстың барлық сауда орындарында сатып, сондай-ақ тапсырыс бойынша жұмыс істейді.
- Жазасын колонияда өтей отырып, ол жеке кәсіпкерлікке жұмысқа орналасып, онда басқа сотталғандармен ағаштан бұйымдар жасай отырып еңбек етті. 42,5 мың теңге көлемінде жалақысын алды. Ол колонияда ағаштан бұйымдар жасаудың негіздерін үйренді. Көріп отырғанымыздай, босатылғаннан кейін колония қабырғасындағы жұмыс қазір өз пайдасын тигізуде. Бүгінде ол өз кәсібін ашты. Сонымен қатар, ол қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан 12 сотталғанды жұмысқа орналастырып, оларды уақытылы жұмыспен және еңбекақымен қамтамасыз етуде, – дейді мекеме бастығының орынбасары Дархан Биғазиев.