Қазақстандық суретші колониялардың қабырғасына Нельсон Манделаның кескінін салды

Қазақстандық суретші колониялардың қабырғасына Нельсон Манделаның кескінін салды

18 шілдеде аталып өтілетін Нельсон Мандела халықаралық күні қарсаңында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстандағы БҰҰ-мен бірлесіп, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы екі пилоттық пенитенциарлық мекемелерде сотталғандарға арнап кескіндеме негіздері бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Шеберлік сағаттарының бірі аралас форматта өткізілді, яғни Қазақстанның түкпір-түкпірінен тағы 20 басқа мекеменің сотталғандары оған онлайн режимде қосылуға мүмкіндік алды.
Аталған шарадан жазасын өтеп жатқандар арт-терапия әдісі арқылы өз ойлары мен армандарын бейнелеуді үйреніп, бостандыққа шыққаннан кейінгі болашақ өмірлерін іске асыру үшін жасайтын алғашқы қадамдарын қағаз бетеріне түсірді.
Сотталғандар сондай-ақ акрил бояуларының, қарындаштар мен фломастерлердің көмегімен сурет салу техникасының негіздерін үйреніп, әрі қарай дамыта алатын және өз шығармашылығында қолдана алатын көркемдік дағдыларын жетілдірді.
Шеберлік сағаттарын белгілі қазақстандық суретші Асхат Ахмедьяров өткізді.
«Сурет салу өнері арқылы сотталғандар арт-терапиядан өтіп, ойларын тазартудың бір элементі қолданды. Олардың өз шығармалары ішкі сезімдерін айқын көрсете білді және бәрі сондай шынайы болды. Мен сотталғандардың еңбектерінен олардың әлі де түзетілуге деген үміттерінің бар екендігін, қандай жағдайды бастан өткізсе де өз өмірлеріне бір сәт ой жүргізіп, саралауға бейім екендігін көрдім. Және бұл өте маңызды», - дейді суретші.
Ол сондай-ақ шеберлік сағаттарын өткізу үшін ең қиын болғаны сотталғандардың тарапынан орын алуы мүмкін болатын сенімсіздік қорқынышына болғанын атап өтті. Алайда шараға қатысушылар сурет салуға бірден бейімделіп кетті.
Қазақстанда колония қабырғаларында мұндай үлкен кесіндеме салу түріндегі коллаборация алғаш рет жүзеге асырылды.
«Бұл жұмыс БҰҰ-ның тұтқындарға қатысты минималды стандартты ережелері-Нельсон Манделаның ережелерімен байланысты. Муралды салу кезінде маған сотталғандар көмектесті, олар үшін бұл өзіндік психологиялық оңалту болды деп үміттенемін, - деп қосты Асхат.
Бұл шара Еуропалық Одақтың, Нидерланд Корольдігінің және БҰҰ контртеррористік басқармасының қаржылық қолдауымен БҰҰ-ның Пенитенциарлық мекемелерде экстремистік идеологияның таралуының алдын алу жөніндегі бірлескен жаһандық бағдарламасы (БҰҰ ЕҚБ-БҰҰ кто-БҰҰ ИДКТК) аясында өткізілді.