Наркотики со шприцами пытались передать в колонию Кызылорды

Наркотики со шприцами пытались передать в колонию Кызылорды

Бір аптадан аз уақыт ішінде ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған 190-нан астам затты тәркіледі.
Жеткізудің алғашқы әрекеті құм блоктарын өндіруге мамандандырылған Жергілікті ЖШС-ге құрылыс материалдарын жеткізетін КамАЗ жүк көлігін тексеру кезінде табылды.
Оқиға ағымдағы жылдың 9 шілдесінде болған, сол күні кешкі сағат алтыда колонияның аумағына цемент тиелген көлік келіп жеткен. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 қауіпсіздігі аралас мекемесінің қызметкерлеріне 44 жастағы КамАЗ жүргізушісі колония аумағында орналасқан кәсіпорын үшін арнайы тапсырыс - 196 қап құрылыс қоспасының жеткізілгенін хабарлады.
Тексеру барысында жедел бөлім қызметкерлері 7 қаптың ішінен 190-нан астам тыйым салынған заттарды тауып, тәркіледі. Олардың ішінде: 63 шприц, шамамен 0,5 килограмм есірткі құралдары, 43 ұялы телефон, 14 жұп құлаққап, 13 сим-карта, 35 зарядтау құрылғысы, 1 шағын камера, 10 қорап ойын карталары, 12 жарты литрлік «насыбай» бөтелкесі және 3 литр спирттік ішімдіктер. Мекеме әкімшілігінің айтуынша, колония құрылған күннен бастап (2003 ж.) «тыйым салынған» заттардығ осындай үлкен жеткізілім тіркелмеген.
Айта кету керек, тауардың сақталуына тапсырыс беруші жіті қамданғанын аңғаруға болады. Аксессуарлар, есірткі құралдары мен шприцтері бар мобильді құрылғылар сенімді түрде оралып, цемент қаптарына орналастырылған, оларды тексеріс барысында құрылыс материалдары қаптарын ашқан кезде ғана байқауға мүмкін болды.
Қазір аталған факті бойынша қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. ЖШС-мен жасалған шарт бұзылып, сотталғандар басқа жұмыс объектілеріне ауыстырылады. Кәсіпорын режимдік объект аумағында 2017 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істеді, мұнда 8 сотталған адам жұмысқа орналастырылды.
Екінші жағдай қаланың тергеу изоляторында тіркелді. 14 шілдеде азық-түлік өнімдерін тексеру кезінде ЗК-169/1 (ТИЗО) мекемесінің қызметкерлері майонез қаптамасынан сим-картасы бар ұялы телефонды тауып алып, тәркіледі.
Тергеу барысында ұрлық жасағаны үшін сотталған адамға жасырын тапсырыс берілгені белгілі болды. Нәтижесінде, оны байланыстан айырып, ал «курьерді» ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«Қызылорда облысында ҚАЖ аумақтық департаментіне қарасты 3 мекеме бар. Кестеге сәйкес штаттық режимде сәлемдемелер мен сауқаттарды қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Сол жерде сотталғандарға берілген тамақ өнімдері мен өзге де заттарға тыйым салынған заттардың болуының алдын-алу үшін мұқият тексеру жүргізіледі. Алайда, профилактикалық әңгімелер мен әкімшілік жауапкершілік туралы ескертулерге қарамастан, азаматтар алып өту әрекеттерін қалдырмайды. ЖШС-мен болған оқиға, керісінше, біздің тәжірибемізде бірінші болып табылады, бұрын кәсіпорындар мекемелердің заңды талаптарын бұзбаған. Қазір біз кәсіпорындардың қызметін бақылауды қатаңдату және тұрақты тексеру туралы мәселені қараудамыз», - деп атап өтті Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығы Шаймерден Ескенкелдиев.