
ҚАЖ мекемелерінде жұмыс орындарын құру жөніндегі жоба бір жылдан астам іске асуда. 2016 жылы облыстық кәсіпкерлер палатасы сотталғандарға гранттық және несиелік мемлекеттік бағдарламалар бойынша семинарлар ұйымдастырды, бизнес-жоспарлау және маркетинг негіздерін үйретті.
Мамандар түсіндіргендей, егер кәсіпкерлік қызметке тыйым салынбаса, сотталғандар жеке кәсіпкер болуға немесе жұмысқа орналасуға құқылы.
Бірінші жағдайда туыстары немесе достары жеткізушілерді және сату нарықтарын табуға, салық қызметтерінде құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі. Бұл үшін нақты қадамдық нұсқаулар бар.
«Бұл санаттағы адамдардың бизнесті жүргізуде жеңілдіктері жоқ, – деп түсіндірді палатада. Жалғыз нәрсе - оларға колония аумағында өндірістік алаңдар сенімгерлік басқаруға тегін беріледі. Егер басқа сотталғандар жұмысқа орналасса, оларға ең төменгі жалақы төленеді.
Шығыс Қазақстанда жазасын өтеп жатқан адамдардың ішінен алғашқы жеке кәсіпкер Алматы облысының тумасы Алмас Айбеков болды. ОВ-156⁄2 мекемесінің аумағында ол ауданы 240 ш.м. жылыжай салып, жобаға 1,5 млн теңге қаржымен – туыстары көмектесті, олар өсірілген – қияр, редис, көк шөп өнімдерін сатуды қолға алды. Тәжірибе сәтті болып, үлкен жылыжайда әлі күнге дейін Алмастан басқа тағы бес сотталған жұмыс істейді.
Тағы бір мысал - аймақтық бизнес өкілдерінің ОВ-156⁄3 мекемесімен серіктестігі. Бүгінгі таңда мекеменің цехтарында темірбетон бұйымдарын өндіру қолға алынған. Мұнда 122 сотталған жұмысқа орналастырылды.
Ұста цехы, құс үйі, пластик, бетон және ағаш бұйымдарын шығару өндірісі, аралау рамасы, автомобиль шиналарын кәдеге жарату және резеңке үгіндісін алу жөніндегі учаскесі және металдан жасалған бұйымдар цехы жұмыс істейді.
Барлық қызметкерлер 42,5 мың теңге және одан жоғары жалақы алады, тиісінше бюджетті салықтармен толықтырып, жәбірленушілерге залалдарын өтей алады.
«Шарттар өзара тиімді, – деп есептейді облыстық кәсіпкерлер палатасы.
Бизнес үшін өндірістік үй-жайларды тегін алу және қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда көмек көрсеті тиімді. Ал мемлекетке сотталғандардың қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысуы және туыстары мен жақындарына табысы есебінен қолдау көрсетулері пайдалы.
Еліміздің шығысындағы ҚАЖ мекемелерінде барлығы 30-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы сотталғандардың еңбекқорлығы пандемия жағдайында маңызды демеу болып – ШҚО колонияларының бірінің аумағында орналасқан тігін цехының шеберлері мемлекеттік сатып алу аясында дәрігерлерге арналған 10 мың қорғаныш костюмдерін, дезинфекциялық тоннельдер, сондай-ақ 400 мың дана медициналық маскалар дайындады.