Соңғы үш жылда туберкулезбен ауыратындар саны 51% - ға төмендеді

Соңғы үш жылда туберкулезбен ауыратындар саны 51% - ға төмендеді

Бұл туралы ІІМ брифингінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова хабарлады.
Әділет подполковнигі отандық пенитенциарлық жүйені жетілдіруге бағытталған бірқатар жоспарланған іс-шараларды атап өтті. Ол ҚАЖ мекемелеріндегі адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, оның ішінде медициналық қызметті денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беруге ерекше назар аударды. 2023 жылдан бастап бұл функция толығымен Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі.
Сондай-ақ, басқарма бастығы қылмыстық-атқару жүйесін цифрландыру, вакцинациялау, жұмысқа орналастыру және сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы туралы айтып берді.
Жалпы, оның ақпараты бойынша, бүгінгі таңда еліміздің пенитенциарлық жүйесінде 80 мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 64 – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау бойынша және 16 тергеу изоляторы. Онда 33 мың адам бар, олардың 4,7 мыңы тергеу-қамауға алынған.