
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/6 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде компьютерлік сынып жұмыс істей бастады.
Жаңа компьютерлік сынып ЕО жаһандық бағдарламасы және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен жабдықталған. Сыныптың негізгі міндеттері сотталғандарды әлеуметтендіруге, босатылғаннан кейін қоғамдағы әлеуметтік реинтеграцияға жәрдемдесу және цифрлық сауаттылықтың базалық дағдыларына үйрету болып табылады. Дәріс берушілер мен мамандарды сотталғандарға Шахтинск қаласының білім бөлімі ұсынды.
400 сотталғанның ішінен 15 адамнан үш топ, екі топ орыс тілінде, біреуі қазақ тілінде оқытылды. Курс аяқталғаннан кейін сотталғандарға босатылғаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі үшін сертификаттар беріледі.
- Әрине, сотталғандар қазіргі цифрлық әлемде компьютерді қолдана білуі керек. Біздің мекемеде 90-шы жылдардың соңынан бастап жазасын өтеп жатқан сотталғандар бар және оларды босату бойынша дербес компьютерлермен және шеткері құрылғылармен жұмыс істеу дағдылары қажет болады, – деп хабарлады АК-159/6 мекемесінің бастығы Ерболат Әбікеев.
Бүгінгі таңда колонияда ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін 380-нен астам сотталған бар.
- Бас бостандығынан айыру орындарында бола отырып, біз техникалық прогрестен сәл артта қалып отырмыз. Компьютерлік курстардың арқасында біз осы жтіспеушіліктерді толықтырамыз. Мұндай сабақтар қазіргі заманауи әлемде өте қажет. Біздерге жасалған мүмкіндік үшін өте ризамыз, – деп бөлісті сотталған адам.