Шымкент колониясындағы сотталған гүл бағын өсірді

Шымкент колониясындағы сотталған гүл бағын өсірді

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД ИЧ-167/2 мекемесінде адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан сотталған өз бағын өсірген.
Сотталған Ж. 6 жыл ішінде жеміс ағаштарынан гүлдерге дейін әр түрлі өсімдіктердің оннан астам түрін өсіре алды.
Ол өсімдіктерді күтумен 2015 жылы, сот үкімінен кейін бірден айналыса бастады.
«Мен бірінші мекемеге жеткенде, мені 10 жылға соттағанын қабылдау өте қиын болды, бұл ұзақ мерзім. Жазамды өтей отырып, мен өсімдіктерге қызығушылық таныта бастадым, бұл маған жағдайды шынайы қабылдауға және жан тыныштығын сақтауға көмектесті», — деп еске алады сотталған Ж.
2017 жылы ол ИЧ-167/2 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне ауыстырылды, онда ол әкімшіліктен оны бағбан етіп жұмысқа орналастыруды сұрады. Қазір сотталғанның бағында раушан, пион, пурслан және бірнеше жеміс ағаштары өседі. Ал сотталғанның өзі үшін оның бағы өз өмірін қайта ойластыратын орынға айналды.
«Біздің мекемеде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған сотталғандар жазасын өтеп жатыр. Тәрбиелік іс-шараларды өткізу кезінде сотталғанға оң әсер ететін құрал мен тәсілдерді табу өте маңызды. Бау — бақша өсіріп, сотталған өз жанына жақын кәсібін тауып қана қоймай, басқа сотталғандарға да табиғаттың көркем сұлулығын көрулеріне көмектесті», - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Сембек Мағжан.