
Қазақстан Республикасының астана күнін мерекелеуге орай БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170 /3 мекемесі, БҚО дене шынықтыру және спорт Басқармасымен және облыстық жауынгерлік өнер Ассоциациясымен бірлесіп Ашық алаңда сотталғандар арасында армрестлингтен турнир өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша ешкім марапатсыз қалған жоқ. Сотталған Ж. көздің толық соқырлығына қарамастан (1 топтағы мүгедек) турнирге барлығымен бірдей қатыса алды. Жарысқа түрлі отрядтардан сотталғандар қатысты.
Іс-шараның мақсаты - сотталғандарды спорттық жарыстарға, мекеменің қоғамдық өміріне тарту, құқыққа бағынушылық мінез-құлқын ынталандыру, деструктивті мінез-құлық пен төтенше жағдайлардың алдын алу, - деп атап өтті мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бағлан Ойықбаев.