
Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 тергеу изоляторының қызметкерлері қан тапсырды.
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің арасында кезекті «Погондағы донорлар» акциясы ұйымдастырылды.
Әлеуетті донорларды тексеріп, жалпы денсаулық жағдайын тексергеннен кейін қан орталығы 10-ға жуық ҚАЖ қызметкерге рұқсат берді.
– ҚАЖ қызметкерлерінің жұмысы – өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін мамандық, сондықтан погондағы адамдар, донорлықтың қажеттілігін жақсы түсінеді, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.