
Пробация қызметі жұмысының негізгі басымдығы сотталған адамға қылмыс жасамай, заң шеңберінде лайықты өмір сүре алатынын көрсету болып табылады.
Бұл үшін сотталғандарға көрсетілетін көмектің бірі әлеуметтік-құқықтық көмек болып табылады. Мысалы, есепте тұрған Ш.және Б. Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінде үш ай тегін оқулары үшін, оларға қосымша мамандық алу түрінде көмек көрсетілді.
Бұрын тракторшы-машинист мамандығы бар сотталған Б.аспазшы мамандығын алып шығып, қазіргі уақытта жаңа мамандық бойынша жұмыс іздеумен айналысуда. Есеп тұрған Ш., өз кезегінде, жұмыспен қамту орталығының арқасында электромеханик мамандығын алды, ТҚС-ға жұмысқа орналасты және өзінің сүйікті ісімен айналысады.
- Сотталғандардың түзелуге және түзелу жолына түсуге деген үлкен ықыласы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға мүмкіндік алу үшін басты негіз болып табылады,-деп түсіндірді ведомствода.