Алматы облысының колониясына есірткі жасырылған кәмпиттерді өткізбекші болған

Алматы облысының колониясына есірткі жасырылған кәмпиттерді өткізбекші болған

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/12 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне 2017 жылы аса қатыгездікпен азаматтық жұбайының кәмелетке толмаған қызына қатысты жыныстық қатынас жасаған сотталғанмен қысқа мерзімді кездесуге келген әйел психотроптық заттарды кәмпитке тығып алып кіргісі келді.
Алайда жедел бөлім мен режим бөлімінің тексеру тобы қызметкерлерінің қырағылығының арқасында бұл әрекеттің жолы кесілді.
Сотталғандармен және олардың туыстарымен тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілген профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды өткізуді саналы түрде жалғастыруда. Тек бес айдың ішінде Алматы облысында пенитенциарлық мекемелерге ұялы телефондарды, спирттік ішімдіктерді, ақша қаражатын және есірткі заттарын әкелудің 10 – ға жуық фактісінің жолы кесілді, - деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды беру ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабында көзделген әкімшілік жазаланатын әрекет болып табылады.