Ақмола колониясындағы колледж түлектеріне қызыл дипломдар табысталды

Ақмола колониясындағы колледж түлектеріне қызыл дипломдар табысталды

Жыл сайын екі жүзден астам адам Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерінде кәсіби колледждерге оқуға қабылданады, ал облыста ондай колледждер саны үшеу. ЕЦ-166/4 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жыл сайын 90-ға жуық сотталған оқиды. Жұмысшы мамандықтарын сотталған студенттер алты мамандық бойынша алады, олар – «Тігінші – әмбебап», «Токарь-әмбебап», «Газэлектр дәнекерлеуші», «Автожөндеуші», «Электрик-жөндеуші», «Аспазшы».
25 маусым дәстүрлі түрде мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін колонияның плацында білім туралы дипломдарды тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
– Біздің студенттер мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырды. Биыл студенттер Игорь Дубровский мен Мұрат Макентаев «Дәнекерлеуші» және «Токарь» мамандығымен қызыл дипломдарын алды. Олар карантиндік шектеулерге қарамастан жыл бойы аянбай еңбек етіп, емтихандарын өте жақсы тапсырды, – деді Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжі бөлімінің меңгерушісі Сергей Баций.
Колония басшысының орынбасары Жеңіс Ибраев педагогтар мен түлектерге құттықтау сөздер айтты.
Әкімшілік атынан және жеке өз атымнан мұғалімдердің еңбегі мен көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді, сіздер өз оқушыларыңызға тек білім беріп қана қоймай, өмірлік тәжірбиелеріңізбен бөлісіп, негізгі өмірлік принциптер мен ережелерді үйретесіздер, – деді Ж. Ибраев.
Оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты оқығаннан кейін кәсіптік колледж бөлімінің меңгерушісі дипломдардың тапсырылатыны туралы хабарлады. Барлығы 82 сотталған оқуды аяқтап, диплом алды, олардың ішінде екеуіне үздік диплом табысталды.