
Жыл сайын 23 маусымда ішкі істер органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қазақстан полициясы күнін дәстүрлі түрде атап өтеді.
Ішкі істер органдарының қызметі қоғамның маңызды құндылықтарын – заңдылық пен құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сақтауға бағытталған.
«Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғау мен сақтауға бағытталған басым мәселелерді белгіледі, мемлекеттік қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінеді – қызметкерлердің жалақысы өседі және әлеуметтік жағдайы жақсарады.
Өткен 30 жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қылмыстық-атқару жүйесі қызметі белсенді әрі ашық болып, қалыптасу кезеңдерінен өтті. Ішкі істер министрі біздің алдымызға жазалардың орындалуын барынша және тиімді қамтамасыз етуді талап ететін маңызды және жауапты міндеттерді қойды. Қазірдің өзінде әлемдік озық тәжірибелермен қатар біз жаңа технологиялар мен әдістерді енгізудеміз», - деп атап өтті ҚАЖК төрағасы, әділет генерал-майоры Жанат Ешмағамбетов.
Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы қызмет барлық уақытта іске немқұрайлы қарамауды, толық жанқиярлықты, күрделі жағдайларда өзін-өзі ұстай білуді талап етеді.
Бүгінде пенитенциарлық жүйе қатарында 9 мыңға жуық қызметкер абыроймен қызмет атқаруда.
Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін ведомство басшысы ҚАЖ қызметкерлерін алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапаттады.
Ішкі істер министрі мен төрағаның құқықтарымен қылмыстық-атқару жүйесінен барлығы 182 қызметкері ынталандырылды.