ШҚО бойынша ҚАЖД медицина қызметкерлерінің күнін атап өтті

ШҚО бойынша ҚАЖД медицина қызметкерлерінің күнін атап өтті

Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Коронавирустық пандемияға байланысты барлық елдердің барлық дәрігерлері мен медбикелері жұмыстарын батыл атқарып және бүгінгі күнге дейін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Пенитенциарлық жүйенің дәрігерлері де еліміздің барлық мекемелерінде қажетті кәсіби даярлықты көрсетті.
Мекеме қызметкерлері ерекше еңбегі, әрқайсысына деген құрмет үшін алғыс білдіре отырып, ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/6 мекемесінің медицина қызметкерлерін құттықтауға шешім қабылдады.
-Қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің медициналық-санитарлық бөлімінің барлық қызметкерлерін мерекемен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық, шыдамдылық, қиын, бірақ өте маңызды және игілікті еңбектеріңізде табыс тілейміз, - деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Жанболат Кәлетаев.
Ақ халаттағы періштелер, жазасын өтеп жатқан сотталғандар олар туралы осылай айтады және денсаулықтары үшін қарсы күресте көрсеткен көмектері үшін лкен ризалықтарын білідреді.
– Мен біздің медицина қызметкерлеріміздің арқасында вакцина алдым, сондай-ақ олар вакцина туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, бүгінде өзімді жақсы сезінемін, мекеменің медицина қызметкерлеріне ризамын, - деп атап өтті сотталғандардың бірі.
Естеріңізге сала кетейік, елде 9 наурыздан бастап коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес пенитенциарлық жүйенің сотталғандары да вакцинацияланды, өйткені олар вирустың таралуына аса бейімдері жұқтыру қаупі жоғары адамдардың тізіміне кірді, алайда арнайы контингент арасында бас тартқан адамдар да болды. Елімізде барлығы 80 мекеме жұмыс істейді, ұсталғандар саны 32 мыңға жуық адамды құрайды.
Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіндегі сотталғандардың айтуынша, олар медицина қызметкерлері мен мекеменің медбикелеріне адал еңбек пен шыдамдылықтары үшін өте риза.
– Бұл адамдар сөзсіз құрметке ие болды және мен бұл күні әрдайым қиын уақытта көмекке келгендері үшін алғысымды білдіргім келді, олар өте мейірімді, жанашыр, біз олардың жұмысына өте ризамыз, олар әрдайым пациенттерге тез сауығып кетуді қалайды, науқастарды әрдайым қолдай алады, яғни біздерді емдеп, бізді сотталған деп бөліп жармайды, – дейді сотталған А.
Бүгінгі күні ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің әрбір мекемесінде 65 медициналық бөлім, 15 медпункт, екі соматикалық, үш туберкулезге қарсы және бір психиатриялық аурухана, сондай-ақ медициналық-санитариялық бөлім жұмыс істейді, олардың жұмысы сотталғандардың денсаулығын сақтауға, медициналық көмек көрсетуге, медициналық-санитариялық қамтамасыз ету профилактикасына және арнайы контингент арасында аурулардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.