ҚАЖ комитетінде қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды алдын ала талқылау өтті

ҚАЖ комитетінде қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды алдын ала талқылау өтті

Бүгін ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде ҚАЖК төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаевтың басшылығымен «ZOOM» арқылы 2 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жария тыңдау барысында келіп түскен қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды алдын ала талқылау өткізілді.
Аталған іс-шараға «Адам құқықтары үшін Хартия» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, заң ғылымдарының кандидаты және ІІМ Қостанай Академиясының Қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының профессоры Игорь Слепцов, «Құқық» қоғамдық қорының директоры Ольга Рыль, «Қадір-қасиет» ҚБ заңгері Аида Жүсіпалиева және Комитет қызметінің өкілдері қатысты.
Енгізілген ұсыныстар ағымдағы жылдың шілде айында өтетін форумда талқыланатын болады.