Нұр-Сұлтан қаласында ІІМ министрінің кубогы үшін табельдік қарумен оқ атудан жарыс өтті

Нұр-Сұлтан қаласында  ІІМ министрінің кубогы үшін табельдік қарумен оқ атудан жарыс өтті

Ағымдағы жылдың 18 маусымында Нұр-сұлтан қаласы «Алатау» спорт кешенінің атыс тирінде ІІМ құрылымдық бөлімшелері арасында табельдік қарудан оқ атудан чемпионат өткізу ұйымдастырылды.
Ашылу салтанаты Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталды. ІІМ Министрінің орынбасары Алексей Калайчиди іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, қызметкерлерге жылы лебізін білдіріп, жарысқа сәттілік тіледі.
Чемпионатқа 18 қызметкерден 6 команда қатысты. Жарысқа әр командадан үш қызметкер қатысты. Сондай-ақ, 18 қатысушының үшеуі әйел қызметкерлер болды.
6 команда арасында үш команда жеңіске жетіп, жоғары нәтиже көрсетті. Ерекше көзге түскен қызметкерлер ІІМ Министрінің атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.