
Пробация қызметкерлері «Антарес А» қоғамдық қорымен бірлесіп, сегіз жылдан кейін сотталғанға жеке куәлік алуға көмектесті.
Сотталған 2012 жылы куәлігінің мерзімін кешіктіріп, содан кейін оны қалпына келтіруге амал жасамады.
Досына дене жарақатын салғаны үшін ол үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, тұрақты тұрғылықты жерінің болмауына байланысты сотталған адам бүкіл мерзім ішінде жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекті орындауға міндеттелді. Оны Өскемен қаласының пробация қызметіне есепке қойды.
– Бірінші кезекте сотталған адамның жеке куәлігіне назар аудардым. Ол маған мерзімі өткен жеке куәлікті берді. Сауалнама барысында біз оның жеке куәлігін белгісіз тұрғылықты жерінен қалпына келтіре алмайтынын білдік. Бірден қоғамдық қорға жүгініп, құжаттарды қалпына келтіру бөлігінде әлеуметтік-құқықтық көмектің жеке бағдарламасын толтырды. Біз оған құжаттарды қалпына келтіруге екі апта ішінде көмектестік-деп түсіндірді Өскемен қаласының пробация қызметінің аға инспекторы Азамат Ескендіров.
Сотталған куәлік алып, пробация қызметкерлеріне жедел жұмысы үшін алғысын білдірді. Алдағы уақытта сотталған жұмысқа орналасу үшін жіберілетін болады.