«Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ мен «Еңбек» РМК арасында меморандумға қол қойылды»

«Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ мен «Еңбек» РМК арасында меморандумға қол қойылды»

2021 жылғы 2 маусымда «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны базасында РМК мен «Қазақстан құрылысшылар одағы» Республикалық заңды тұлғалар бірлестігі арасында меморандум жасалды. Оның мақсаты кәсіпорынның құрылыс объектілері мен өндірістерінде жұмыс орындарын құру арқылы сотталғандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған әріптестік қатынастарды орнату, тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту болып табылады.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында орналасқан «Еңбек РМК» өнеркәсіптік алаңдарында жұмысқа орналасқан сотталғандар құрылыс материалдары мен бұйымдарын, оның ішінде кірпіш, көбік - газ блоктарын, металл есіктер мен қоршауларды өндірумен айналысатын болады.