ҚАЖ қызметкерлері Павлодар облысында сотталған адамның өмірін сақтап қалды

ҚАЖ қызметкерлері Павлодар облысында сотталған адамның өмірін сақтап қалды

Тірі қалған адамның өзі әдеттегі аурудың қаншалықты ауыр екенін білмеді, өйткені қатты ауырсыну болған жоқ
Павлодар облысында дәрігерлер есірткі қылмысы үшін сотталған Дмитрийдің өмірін құтқарды.
Ол жазасын облыстық ҚАЖ департаментінің АП-162/4 ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейді - қазіргі таңда 4 жылы өтеліп, тағы алты жылы қалған.
Бірнеше апта бұрын Дмитрий өзін нашар сезініп, әлсіздік пен ауырсыну болды, сондықтан ол колония дәрігерлеріне жүгінді.
«Менде еш жәйсыздық болған жоқ, тіпті бәрі қаншалықты ауыр екенінде білмедім. Медициналық бөлімге жүгінген кезде дәрігерлер дабыл қағып, шұғыл диагностика қажет екенін айтты. Сол күні мені орталық соматикалық ауруханаға диагноз қою үшін апарды, содан кейін Мен «Дем ал, дем ал, кетпе» деге дауысты естідім", - дейді сотталған.
Белгілі болғандай, Дмитрийде асқазан жарасы пайда болды, ол қалалық аурухананың арнайы палатасына жатқызылып, қан құйылды, содан кейін науқас қалпына келіп, қуанғанынан көз жасын тия алмады.
Ол көп қан жоғалтқаны белгілі болды, ауруханаға жатқызу кезінде есеп бірнеше секундтарға кетті. Бұрын оның асқазан жарасы болған, оған 2021 жылы ота жасаған. Кенеттенбұру ауру асқына түсті.
«Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, барлық қажетті рәсімдер орындалды. Ол колония дәрігерлерінің бақылауында. Одан әрі ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ», - деді сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының маманы Эльмира Боранбаева.
Дмитрийді бостандықта тек анасы ғана күтеді. Ол өзін жаман сезінген кезде анасы туралы ойлады. Анасы ауруханаға барып, жемістер әкеліп, колония қызметкерлеріне, аурухана дәрігерлеріне алғысын айтты. Қазір Дмитрий диета ұстанып, дәрілерді қабылдауда.