Қызылордалық «Қайсар» ФК футболшылары сотталғандармен кездесті

Қызылордалық «Қайсар» ФК футболшылары сотталғандармен кездесті

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Қайсар» футбол клубының футболшылары Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесіне барып, жазасын өтеушілермен жолдастық кездесу өткізді.
Шараның мақсаты- жазасын өтеушілерді қолдау, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, ортаға бейімдеу және саламатты өмір салтын насихаттау.
Футболшылар алдымен әңгіме өрбітіп, жарыстарға, чемпионаттағы ойындарға қалай дайындалатынын айтып, спорттың қоғамдағы рөлін жеткізді.
Ойын шарты бойынша 15 минуттан 2 кезең өткізілді. Жазасын өтеушілер де осал қарсылас еместігін көрсетті. Ойын нәтижесі тең түсті, яғни, есеп 9 : 9 есебімен аяқталды. Ойын аяқталған соң, «Қайсар» футбол клубының бапкері Ж.Жоламанов сөз сөйлеп сотталғандардың жоғарғы деңгейде жаттыққанын атап айтып, сотталғандарға футболға арналған киім сыйлады.