Ақтау колониясының қабырғасында алғашқы ЖОО ашылды

Ақтау колониясының қабырғасында алғашқы ЖОО ашылды

ҚАЖ мекемелердегі сотталғандар үшін Бакалавр дипломын алу алғаш рет мүмкін болды
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/6 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің сотталғандарына арнаулы орта ғана емес, қашықтықтан оқыту нысанында жоғары білім алуға да мүмкіндік берілді.
Жоғары оқу орнына түсу үшін сотталған қарапайым талапкерлермен бірдей процедурадан өтуі керек. Оқу ақылы болады, бір жылдың құны 400 мың теңге.
«Қазіргі уақытта 12 сотталған талапкер ЖОО - ға түсу емтихандарына дайындалуда, қабылдау комиссиясы жаздың соңында қарауға кіріседі. Оқыту негізінен көліктік техникалық мамандықтар бойынша жүргізіледі. Әкімшілік өз кезегінде біздің студенттерді табысты оқыту үшін техникалық қамтамасыз етуді дайындайды», – деді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.