
Мұндай өзгерістер «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысына енгізілді.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 67 қаулысының 24-қосымшасының 4-тармағы өзгертілді:
«4. Адвокатпен (қорғаушымен), сондай-ақ тергеушіге және адвокатқа (қорғаушыға) шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу үшін міндетті түрде маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптарды пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, кездесу үшін шығаруды қоспағанда, сотталғандардың, күдіктілердің және айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық іс-шаралар шектелсін.».
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сотталғандардың, күдіктілердің және айыпталушылардың адвокаттармен (қорғаушылармен) кездесуі тоқтатылған болатын, тек жедел тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ғана тергеушіге және адвокатқа шығаруға рұқсат берілетін.
Сондай-ақ, ҚР Бас мемлкеттік санитариялық дәрігерінің № 67 қаулысы 24-қосымшасындағы 1-тармағының 1) тармақшасына толықтырулар енгізілді:
«1) ұзақ мерзімді кездесулерге келетін туыстардың Қазақстан Республикасында covid-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарды қоспағанда, алынған сәтінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты құжаттық растауды ұсыну кезіндегі ұсынуы;».
Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған азаматтар өзімен бірге ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы анықтамасыз ұзақ кездесуді пайдалануға құқылы. Вакцинацияны толық көлемде алғаны туралы құжатын ұсынуы жеткілікті.
5) БМСД № 67 қаулысына 24-қосымшада 11-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
«11. Құжаттамалық растауды ұсынған кезде Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарды қоспағанда, тергеу әрекеттерінен қайтып оралған соң және арнайы контингенттің мекеме аумағынан басқаша шығуынан кейін адамдар жаңадан келгендер ретінде күнделікті медициналық қарап-тексеру, сұрау, термометрия ұйымдастыру арқылы кемінде 14 күн мерзімге оқшаулануға жатады.».