Алматы облысының колониясына Әйел есірткіні сабынға жасырып өткізуге тырысты

Алматы облысының колониясына Әйел есірткіні сабынға жасырып өткізуге тырысты

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/12 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды алып өту фактісінің жолын кесті. Әйел Қазпошта арқылы ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған адамға тыйым салынған заттары бар сәлемдемені өткізбекші болды. Кір сабынында күлгін түсті психотроптық зат пен үш ұялы телефон жасырулы болған. Жоғарыда аталған заттар тексеру бөлмесінде анықталды.
- Сотталғандарға мекемелерге тыйым салынған заттардың түсу каналдарының бірі-бұл сәлемдемелер, бандерольдер және сауқаттар. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, - деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.
Полиция тыйым салынған заттарды пенитенциарлық мекемелерге бергені және беруге тырысқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 279-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.