
Алматы облысында көп балалы сотталғандардың үйлерінің терезелеріне темір торлар орнатылды.
Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастамасымен облыс прокуратурасының қолдауымен «Балалар қауіпсіздігі» акциясы аясында пробация қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД Қарасай, Іле және Талғар аудандары мен Талдықорған қаласының пробация қызметкерлері балалардың қауіпсіздігі үшін сотталғандардың көп балалы отбасылары үйлерінің терезелеріне темір тор орнатты.
– Қазіргі уақытта кішкентай балалардың көп қабатты үйлердің терезелерінен абайсызда құлап кету жағдайлары көп. Осыған байланысты, Алматы облысының прокуратурасымен бірге аталған акцияны өткізу туралы шешім қабылданды. Осылайша, біз бірнеше көп балалы отбасыларды үйлердің терезелеріне темір тормен қамтамасыз еттік, - деп атап өтті Өңірлік ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.