
Сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулерге тек жұбайлары мен жақын туыстары ғана емес, балалары да келеді. Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/2 орташа қауіпсіздік мекемесіне әкесіне көптен күткен кездесуге үш жасар Арсен де келді. Сотталғанның жұбайы Гүлмираның айтуынша, бала әкесін қатты жақсы көреді және күн сайын есіне алады. Отағасын 2019 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының (қарақшылық) қылмысы үшін ұстады.
«Ұзақ уақыт бойы ұзақ мерзімді кездесулер жабық болғандықтан Біз әкемізбен бейне байланыс арқылы сөйлестік. Бізге ұзақ мерзімді кездесуді берген кезде, мен өзіммен бірге ұлымды алып келуді шештім, өйткеі ол әкесін қатты сағынды», – дейді Гүлмира.
Алдағы мерекеге, балаларды қорғау күніне байланысты колония қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кішкентай Арсенге шарлар мен сыйлықтар тарту етті.
«Бала өзін жайсыз сезінбеуі керек. Әкесі қазіргі уақытта колонияда болса да, оның балалық шағы бақытты болуы керек. Бүгін біз оған тәттілерді, шарлармен және сыйлықтарды сыйлап балапанға шағын мереке ұйымдастырдық»,-деп түсіндірді АП-162/2 мекемесінің бастығы Мұхтар Сейтахметов.
Айта кету керек, ұзақ мерзімді кездесулер үй-жайында балалар ойын бөлмесі бар, биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының демеушілігімен ойыншықтар мен басқа да қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Кішкентай Арсен жүргізілген жұмыс нәтижесін бағалаған төртінші қазақстандық болып табылады.
Сондай-ақ, БҰҰ ЕҚБ және ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлескен бағдарламасын іске асыру шеңберінде осы мекемеде сотталған адамдарға арналған демалыс бөлмелері жабдықталды, мұнда олар медитация және психологиялық кеңестер ала алады.