
Сонымен қатар, аталған акцияға пробация қызметкерлері жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірге қатысты
Бұл экоакция жыл сайын өткізіледі: жастар қысқы кезеңде тұрмыстық қоқыстардың көп мөлшері: пластикалық бөтелкелер, стақандар мен пакеттер жиналатын Қарасу өзенінің жағасына күректермен және пакеттермен шығады.
Акцияның мақсаты - өзен жағасын қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар, бірінші кезекте жауапкершілік сезімін тәрбиелейтін жас ұрпақты, оның ішінде есепте тұрғандарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, бұл болашақта олардың түзелуіне оң әсер етеді.
- Біз ауданның волонтерлік қызметінің барлық түрлеріне есепте тұрған сотталғандарды мүмкіндігінше жиі тартуға тырысамыз. Бұл табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптасытрады және Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілік сезімін арттырады, - деп атап өтті Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Қарасу аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет аға лейтенанты Арман Сарбаев.
Бірнеше сағат бойы команда көңілді және зор қызығушылықпен жұмыс істеп, жағалауда және сол төңіректе бірнеше үлкен сөмкелер жинады.