
Оның сәлемдемесі есірткі қолданғаны үшін ұсталған күдікті 32 жастағы ұлына арналған. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері азаматшаның құқық бұзушылығын байқап, тексеру кезінде металл іздегіш ұялы телефон, зарядтау құрылғысы мен сим-картаны тіркеді.
«Мекеме әкімшілігі келушілерге тыйым салынған заттарды алып жүргені үшін жауапкершілік туралы бірнеше рет ескертеді. Бірақ, осыған қарамастан, сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған адамдардың туыстары пенитенциарлық мекеменің заңды талаптарын бұзуды жалғастыруда», - деп атап өтті КА-168/1 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Аршат Бурабаев.
Жазбаша түсініктемесінде азамат өзінің кінәсін толық мойындады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материалдар қаланың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сондай-ақ, әйел 1 жыл бойы ұлына барып, кездесу мүмкіндігінен айырылады.