
Ардагерлер ұйымдарының жұмысына қосқан үлесі, жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, олардың кәсіби шеберлігін арттыру және мерейтойлық күндерге байланысты Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қазақстандық ардагерлер Кеңесінің Төралқасы отставкадағы әділет полковнигі Бакулин Сансызбайды «ІІМ-нің құрметті ардагері» төсбелгісімен марапаттады.
Сансызбай Қасатұлы 1999 жылы Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке келген, оған дейін 13 жыл Ішкі істер министрлігінде мінсіз қызмет атқарған.
Зейнеткер өзінің сүйікті ісін қалдырмай, 2010 жылдан бастап заң тобының бас сарапшысы бола отырып, ҚАЖК қызметіне өз үлесін қосуды жалғастыруда.
«Зейнеткерлікке он бір жыл бұрын қылмыстық-атқару инспекцияларын басқару басқармасы бастығының орынбасары болып шықты. Қазір жас қызметкерлерге, бір жерде кеңеспен, бір жерде тәжірибемен көмектесемін», - дейді заңгер күлімсіреп.
Айта кету керек, Сансызбай Қасатұлы кезінде Қылмыстық-атқару кодексін, пробация қызметі туралы заңды және басқа да заңнамалық құжаттарды әзірлеуге үлкен үлесін қосқан.