Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Пробация қызметіне басшылық ету басқармасы» бастығының орынбасары «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Пробация қызметіне басшылық ету басқармасы» бастығының орынбасары «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және «Отан қорғаушылар күнін» мерекелеуге орай Бакулин Б.С. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.
Әділет подполковнигі Берік Сансызбайұлы Бакулин, 1985 жылы 3 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2003 жылы Көкшетау қаласының №6 орта мектебін тәмамдады.
2003-2005 жылдар аралығында ҚР ӘМ ҚАЖК Павлодар заң колледжінде оқыды.
2005 жылдан 2008 жылға дейін «Фемида» Қарағанды заң академиясының филиалында заңгер – құқықтанушы мамандығы бойынша оқыды.
Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке 2005 жылы Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/18 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастады.
2005 жылдан 2009 жылға дейін Ақмола облысы бойынша ҚАЖД түзеу мекемелері жедел бөлімінің жедел уәкілі және аға жедел уәкіл лауазымдарында қызмет атқарды.
2009 жылдан бастап ҚР ІІМ ҚАЖК жедел уәкіл және аға жедел уәкіл лауазымдарында жұмыс істеді.
2014 жылғы қарашадан бастап Астана қаласы бойынша ҚАЖД жедел бөлімінің бастығы лауазымында болды.
2015 жылдан бастап Астана қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап Астана қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2017 жылдан бастап ҚР ІІМ ҚАЖК пробация қызметіне басшылық ету басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарады.
Үйленген, бір қызы бар.
Әкесі – ҚАЖ ардагері, запастағы әділет полковнигі. 10 жылдан астам уақыт зейнетте болғанына қарамастан Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызметін жалғастырып келеді.
«Менің еңбек жолымның басталғанынан бері 15 жылдан астам уақыт өтті, соған қарамастан, өзіме жүктелген барлық жауапкершілікті толығымен сезіне отырып, өз еліме, Отаныма, Қазақстан халқына адал қызмет етуге және ата-анамның лайықты ұлы болғаныма өте қуаныштымын. Қазір жас қызметкерлерге, бір жағынан ақыл-кеңеспен, бір жағынан тәжірибеммен көмектесіп келемін», - деп қуанышымен бөлісті әділет подполковнигі Берік Сансызбайұлы.