Павлодарда 20 жастағы мүгедек сотталғанға ҚАЖД қызметкерлері ауруханаға баруына көмектесуде

Павлодарда 20 жастағы мүгедек сотталғанға ҚАЖД қызметкерлері ауруханаға баруына көмектесуде

Мүгедектігі бар жас жігіт колониядан кетіп, пробация қызметіне тіркеуге тұрып, бірақ көмекке мұқтаж болды.
20 жастағы сотталған Асқар мүгедектер арбасымен жүреді. Жақында жігіт бас бостандығынан айыру орындарынан кетіп, Павлодар қаласының пробация қызметіне тіркеуге тұрды. Мерзімнің соңына дейін оған бір жарым жыл қалды.
Асқар әжесімен тұрады, оның туыстары жоқ, оған ешкім көмектесе алмайды. Сондықтан жас жігіт пробация қызметкерлеріне көмек сұрап жүгінді.
«Емхана дәрігерлері жігіттің нақты диагнозын қоя алмауына байланысты, Асқарға шұғыл емдеу қажет болды және ол үшін сотталғанды Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға тасымалдау қажет болды. Есепте тұрған сотталғанды пробация қызметкерлері ауруханаға алып келіп, стационарға емделуге септігін тигізді», - деді Павлодар қаласы пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаров.
Бұдан басқа, пробация қызметінің инспекторы одан әрі ынтымақтастық жасау және оның денсаулық жағдайын бақылау үшін сотталған адамның емдеуші дәрігерімен кездесті.
«Шынымды айтсам, мен үмітсіздікке бой алдырып, не істеу керектігін де білмедім. Емделуге жату керектігін, тіпті ауруханаға қалай жету керектігін де білмедім, – дейді Асқар.
- Волонтерлер мен пробация қызметкерлеріне олардың қамқорлығы, адалдығы мен көмегі үшін алғыс айтамын!»