
ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті мен Павлодар облысы бойынша ҚАЖД жедел қызметінің қызметкерлері Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдерімен бірлесіп, марихуананы жеткізу арнасының жолын кесті.
АП-162/10 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға марихуана жеткізді деген күдікпен 45 жастағы азамат ұсталды.
«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Екібастұз қаласының УҰИ - не орналастырылды», - деп түсіндірді Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аға жедел уәкілі Арман Қалықов.