ШҚО-да төтенше қауіпсіздік мекемесіне 135 дана трамадолды лақтырмақ болды

ШҚО-да төтенше қауіпсіздік мекемесіне 135 дана трамадолды лақтырмақ болды

ШҚО-да 135 дана трамадолды төтенше қауіпсіздік мекемесіне лақтырмақ болды.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері төтенше қауіпсіздік мекемесіне есірткі жеткізу әрекетінің жолын кесті.
Іргелес аумақты патрульдеу кезінде мекеме қызметкерлер таңғы 5-тер шамасында скотчпен оралған екі түйіншекті тәркіледі, оны белгісіз адам негізгі қоршау арқылы колониядағы сотталғандарға лақтыруға тырысқан.
«Лақтырмақ болған адам өз жоспарын жүзеге асыра алмады, ол патрульді көріп, екі дана түйіншектелген орамды сотталғандарға лақтырып үлгермеді. Қызметкерлермен Өскемен қ. ПБ полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, түйіншектелген заттың ішінен екі ұялы телефон, 135 дана трамадол және алты сыйымдылықтағы, белгісіз зат табылды», – деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Жасұлан Баденов