Есепте тұрған сотталғандарды тіркеу уақыты 5 минутқа қысқарды

Есепте тұрған сотталғандарды тіркеу уақыты 5 минутқа қысқарды

Қарағанды қ. Қазыбек би аудандық прокуратурасы, Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің көмегімен биометрикалық терминал алу және орнатуға жергілікті бюджеттен 1 млн. 140 сың теңге бөлінген. Аталған қаржыға 4 бірлік терминал сатып алынып, ауданның Пробация қызметі орналасқан қаланың полиция бөлімдерінде орнатылды.
15.04.2021 ж. Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Д.А.Айтмұхаметов пен Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД басшылығының қатысуымен Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық пробация қызметінде биометрикалық терминалың орнатылған жүйелерінің презентациясы ұйымдстырылып өткізілді. Аталған жұмыс Пробация қызметін жетілдіру және ашық түрде жүргізуге бағытталған. Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында ғана 370 сотталған есепте тұрады, ал бұл цифр облыс бойынша 2227 адамды құрайды.
«Биотерминалдарды пробация қызметінің жұмысында пайдалану және алатын орны ерекше, ол қызметкерлердің жұмысын едәуір жеңілдетеді және қылмыс жасауға бейім емес сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізуге оң әсер етеді. Тіркеуге келу аяқталған соң мәліметтер сотталғаннның істеріне тігіледі. Бұл жүйе автоматты түрде сотталғанның саусақ таңбаларын, қолдары мен бетінің геометриясын тануға мүмкінідк береді және міндетті тіркелу кезінде сотталғандарды нақты бақылау жұмысын қамтамасыз етеді. Сотталған тұлғаны ауыстыру мүмкіндігі болмайды. Сонымен бірге ең маңыздысы келген сотталғанды әдеттегі 20-30 минут емес, 5 минут ішінде тіркеуге алуға мүмкінідктің болуы» - дейді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Шәкіров.