БҚО колониясында сегіз пышақ пен он жеті телефон тәркіленд

БҚО колониясында сегіз пышақ пен он жеті телефон тәркіленд

БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің РУ-170/3 мекемесінде бас бостандығынан айыру орындарында қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында жоспарлы тінту шаралары өткізілді.
Қауіпсіздігі барынша жоғары режимдік мекемеде қадағалау жөніндегі прокурордың қатысуымен жоспарлы тінту іс-шарасы өткізілді, тінтуді Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен мекеменің жеке құрамы жүргізді.
ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Нияз Рыспаев атап өткендей, аталған іс-шараның заңдылығын және сотталғандардың конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету үшін жүргізілген барлық іс-әрекеттердің бейнетүсірілімі қамтамасыз етілді.
«Барлық тінту іс-шаралары сотталғандардың конституциялық құқықтарын бұзу, олардың жеке заттары мен мүліктерін бүлдіру фактілерін болдырмау мақсатында бейнетүсірілімге тіркелді. Тінту барысында 17 ұялы байланыс құралы, 17 зарядтағыш, 12 сим-карта, 3 флэш-карта және пайдалану қайғылы салдарға әкелуі мүмкін 8 тескіш-кескіш зат анықталып, тәркіленді. Тыйым салынған заттардың басым бөлігі арнайы жабдықтың арқасында тәркіленді. Сотталғандарға тыйым салынған заттардың кіру арналарын жабу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен қатар мекеменің негізгі қоршауы арқылы лақтыру фактілері, сондай-ақ оларды айла-амалдармен жеткізу фактілері бар. Бір ай бұрын жеке кәсіпкерліктердің бірінің жүргізушісі 8 ұялы телефонды мекемеге заңсыз өткізуге тырысты», – деді Нияз Рыспаев.