
2021 жылғы 1-5 сәуір аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа барлығы 19 команда, 211 қатысушы (176 ер адам және 35 әйел адам), оның ішінде 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 52 спорт шебері, 96 спорт шеберіне үміткер қатысты.
ҚАЖ комитетінің құрамына Алматы қаласы, сондай-ақ Алматы және Ақтөбе облыстары бойынша ҚАЖ департаменттерінің қызметкерлері кірді. (5 адам)
Күшті және ымырасыз күресте (Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті) әділет сержанты Ахмет Қымбат жарыс чемпионы атанды; III орынды (Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті) әділет сержанты Далиева Арайлым Маратқызы және тыңдаушы Жандарбай Диана иеленді, (Павлодар қаласы ҚАЖК оқу орталығы).
ҚАЖ комитетінің құрамасы барлығы 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Павлодар қаласынан келген қатысушы, турнир чемпионы атанған Ахмет Қымбат 2017 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері болып, 2-ші орынды иеленді. Жақын арада Қымбат жаттығуларын жалғастырып, Өзбекстан Республикасында өтетін 2021 жылғы әлем чемпионатына дайындықты бастайды.
Оқу-жаттығу жиыны ағымдағы жылдың 4-8 маусымына Шымкент қаласындағы ҚАЖ комитетінің оқу базасында жоспарланған.
Біздің айбынды қызметкерлерімізге мықты денсаулық, спортта табыс тілейміз және халықаралық аренада үлкен жеңістермен біздің елімізді жиі қуантып, қазіргі ұрпақ үшін лайықты үлгі болуларына тілектеспіз, - деп атап өтті әділет подполковнигі «Халықаралық санаттағы төреші; Қоян-қолтық ұрыста қарусыз өзін-өзі қорғау пәні бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс Қауымдастығының Бас хатшысы; Президенттік тесттер және Президенттік көпсайыс бойынша республикалық федерацияның Вице-президенті; ҚР әскери-тактикалық және қолданбалы спорт түрлері» қауымдастығының Бас директоры Әділ Қайырбаев.