Павлодарлық колонияда балалар костюмдері тігіле бастады

Павлодарлық колонияда балалар костюмдері тігіле бастады

Павлодар облысында АП-162/4 қауіпсіздігі жоғары мекемесінде сотталгандар балалар костюмдерин тігуді бастады
Мекемедегі өндрістік аймақта 8 сотталған жұмыс істейтін тігін цехы бар. Жақында олар балаларға арналған флисовых костюмдер тігуге тапсырыс алып, осы тапсырыс бойынша 58 костюм тігіп тапсырыс берушіге жіберді. Тапсырыс беріуші өнімнің сапасына қанағаттанды. Костюмдер флис материяалдан жасалғандықтан баланың нәзік терісі үшін жұмсақ, тітіркенуді тудырмайды жәнеде өнімнің тігістері сапалы жасалған. Сонымен қатар сотталғандар өлшем ауқымы 3 жастан 10 жас аралығындығы балаларға тігілгені туралы айтты. Бұған дейінде тігін шеберханасында сотталғандар тапсырыс бойынша ер балаларға арналған 40-тан астам маусымдық курткалар тіккен.
«Бүгінгі күнде мекеменің өндірістік аймағында 90-нан астам сотталған жұмыс істейтін 6 жеке кәсіпкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өндірісі бар. Осында жұмыс істейтін сотталғандар жұмысы үшін жалақы алады және алынған қаражат арқылы олар отбасыларына жіберуге немесе мекемедегі дүкеннен өздеріне алғашқы қажетті заттарды сатып алуға мүмкіндік алады», - дейді мекеме бастығы Ержан Шалғынбаев