Пенитенциарлық жүйе қызметкерлері ҚАЖ комитеті төрағасының Кубогі үшін жекпе-жектен XII чемпионатта бақ сынасты

Пенитенциарлық жүйе қызметкерлері ҚАЖ комитеті төрағасының Кубогі үшін жекпе-жектен XII чемпионатта бақ сынасты

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының тапсырмасымен Шучие қаласындағы «ЖАҚСЫ-2» спорт комплексінде жекпе-жек күрестен XII чемпионат ұйымдастырылды.
Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілді. Спорттық жарысқа ҚАЖ-дың 17 аумақтық департаменті және Павлодар қаласы оқу орталығының үздік спортшылары жиналды.
Чемпион атағы үшін жүзден астам қызметкер бақ сынасты: 55 – тен +90 кг – ға дейін салмақ дәрежесіндегі 89 ер адам және 45-тен +75 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесіндегі 13 әйел адам. Үш күнге созылған жарыста қатысушылар басқа өңірлерден келген әріптестерінің жекпе-жек күрестен дағдыларын көрсетіп, бағалай алды.
«Аталған турнирдің мақсаты жекпе-жек күресті әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортшылардың кәсіби шеберлігін және ҚАЖ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып табылады. Пенитенциарлық жүйе органдарындағы қызметкерлердің міндеттеріне сотталған адамдарды күзету, олардың құқықбұзушылық әрекеттерді жасауының алдын алу және жолын кесу кіреді. Біздің қызметкерлер әскери өнер дағдыларын іс жүзінде игеруі қажет», - деп атап өтті ҚАЖ қолданбалы спортын кәсіби және идеологиялық дамытуды ұйымдастыру жөніндегі топ мүшесі, әділет подполковнигі Әділ Қайырбаев.
ҚР ІІМ ҚАЖК Павлодар оқу орталығының Атыс және дене шынықтыру дайындығы циклінің 28 жастағы оқытушысы Саят Бектемір чемпионатқа алғаш рет қатысып отыр, ол ұйымдастырушыларға осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Ол жеке қасиеттерді бағалау жаңа дағдыларды жетілдіруге және игеруге ынталандыратынын атап өтті. Алғаш рет қатысып отырғанына қарамастан, әділет лейтенанты «Үздік жауынгер» атағына ие болды.
Алғашқы үштікті Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласының ҚАЖ департаменттері иеленді.
Жарыс барысында, 2021 жылдың 1-5 сәуір аралығында жекпе-жек күрестен әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтетіні, оған еліміздің барлық құқық қорғау органдары қатыса алатыны белгілі болды. Ал Чемпионат ағымдағы жылдың 4-8 маусым аралығында Өзбекстанда өтеді.