
ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті кезекші бөлімінің қызметін ұйымдастыру туралы әділет подполковнигі, аға инспектор – кезекші Бектас Ахтамберов бөлісті.
Ахтамберов Бектас еңбек жолын 1997 жылы әскерде қызмет еткеннен кейін бастады, 2002 жылдың сәуір айында Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/4 ең жоғары қауіпсіздік мекемесіне қызметке бақылаушы болып қабылданды. Онда ол 7 жыл жұмыс істеді, 2009 жылы режим бөлімінің бастығы болып тағайындалды, 2015 жылдан бастап ҚАЖ аумақтық департаментінің режим және бақылау бөлімінде жұмыс істеді. Үш жылдан кейін «бақылаушы» болып, «ҚАЖ комитетінің режим, бақылау және күзет басқармасының» құрамына кірді.
«Кезекші бөлім» жұмысының ерекшеліктері келіп түскен ақпаратты жедел және уақытында қарастырудан тұрады. Ауысым оспарға сәйкес тәуліктік кезекшілікке таңғы сағат сегізде түседі және оны келесі күні сағат 9:00-де тапсырады. Демалыс, сондай-ақ мереке күндері кезекші бөлімнің қызмет атқаруы екі есе күшейтіледі.
Кезекшінің негізгі міндеттерінің бірі ведомстволық бағынысты бөлімшелермен, ІІМ Жедел басқару орталығымен және ҚАЖ мекемелеріндегі жағдай туралы жедел ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимыл жасайтын органдармен тұрақты байланысты ұстау болып табылады.
Ведомстволық бағынысты бөлімшелерде оқиғалар туындаған кезде кезекші аумақтық ҚАЖД-дан ақпарат қабылдайды, оны өңдейді және ҚАЖ комитетінің және ҚР ІІМ ЖБО басшылығына хабарлайды.
«Жұмыс орнында басшылық болмаған кезде ведомстволық бағынысты мекемелерде бастапқы шешімдерді қабылдау кезекші қызметтің аға инспекторына жүктеледі», - деп атап өтті әділет подполковнигі.
Қорытындылай келе, Бектас Ахтамберов барлық жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, жастарға адал қызмет атқаруға, Қазақстан халқы алдында жүктелген міндеттерді намыспен және абыроймен орындауға кеңес берді.