Нұр-Сұлтан қаласының төтенше қауіпсіздік колониясында жоспарлы тінту шаралары өтті

Нұр-Сұлтан қаласының  төтенше қауіпсіздік колониясында жоспарлы тінту шаралары өтті

Тінту нәтижесінде Нұр-сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесінің сотталғандарынан 7 Телефон, 3 зарядтау құрылғысы, 2 сим-карта, 3 жұп құлаққап және 9 тесіп-кесетін зат тәркіленді.
Ағымдағы жылдың 17 наурызында бас бостандығынан айыру орындарында тәртіп пен заңдылықты нығайту мақсатында елордалық колонияда бөлімшенің барлық жеке құрамы мен әскери қызметшілердің қатысуымен ЕЦ-166/5 мекемесінің үй-жайлары мен аумағына жалпы жоспарлы тінту жүргізілді. Тінту кезінде сотталғандардың құқықтарын сақтау мақсатында ұлттық алдын алу тетігінің төрағалары Ілияс Молдабеков және Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Орынбасар Құлжабаева, сондай-ақ Аршалы ауданының прокуроры Талғат Оспанов қатысты.
Осы уақытқа дейін ҚАЖ мекемелерінің аумағына кіру және сотталғандардың тыйым салынған заттарды пайдалануы өзекті проблема болып қалуда. Мұндай жағдайларда қылмыстық-атқару заңнамасының негізгі мақсаттарының бірін іске асыруға, атап айтқанда сотталғандар тарапынан құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алуға, олардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алуға, сондай-ақ қызметкерлер мен жазасын өтеп жатқан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-режимдік іс-шаралар кешенінің рөлі артады.
«Тінту іс-шаралары сотталғандардың заңды құқықтарын бұзбай өтті, физикалық күш қолданылған жоқ. Мекемелер жасақтарын аралап, сотталғандарға сауалнама жүргізілді», - деп атап өтті Ілияс Молдабеков.
Осындай сипаттағы барлық іс-шаралар ведомстволық жоспарға сәйкес өткізіледі.
2021 жылдың басынан бері осындай тінту іс-шараларының нәтижесінде 13 мобильді құрылғы, 13 тескіш-кескіш зат, 3 сим-карта, 3 жұп құлаққап және 1 адаптер тәркіленді.