
БҚО-да жүргізуші түрмеге 8 телефон кіргізіп, сатпақ болған
Батыс Қазақстан облысында жеке кәсіпкер жүргізуші 8 телефонды түрмеге алып келді.
Оқиға РУ-170/3 қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде орын алды.
«Жедел уәкілдер жүргізушінің мекеме аумағына тыйым салынған заттарды, атап айтқанда ұялы телефондарды тасымалдауға дайындалып жатқаны туралы хабарлама алды. Көлік құралын тексеру барысында 8 ұялы телефон, зарядтағыш және 3 жұп құлаққап табылды», - деді департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Нияз Рыспаев.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, тыйым салынған заттарды тәркілеу актісі жасалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.